Былтыр елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң қабылданып, жыл басында күшіне енген еді.
Осыған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында 18 шаруа қожалығы бір ұйымға бірікті. Қазір кооперативтің 22 мың гектар жері мал сою цехтары, техникалары тіпті өнімдерін өткізуге арналған сауда нүктелеріне дейін бар. Өндірістік құрылым етті, сүтті бағытта асыл тұқымды мал өсірумен шұғылданбақ. Қазір 100 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы салынуда. Іріленген шаруашылыққа мемлекет те жан-жақты қолдау көрсетеді.
Бауыржан Құрманов, ҚР «Атамекен» ҰКП агрокомпетенция орталығының сарапшысы:
- Жаңа бастап жатқандарға әрине қиындау. Көп шығын керек. Жұмысшылар жетіспейді. Өздері бағады, өздері жермен айналысады, шөп жинайды. Бірнеше жұмысты бірден жасауға үлгере алмаймыз дейді. Оның үстіне ауарайы ерекшеліктері бар, жауын болып тұрады. Осындай жағдайларды ескере отырып, әрине бірігіп, іріленгенде өз жұмыстарын жеңілдетіп, әрқайсысы өзінің пайдасын, сапасын көтере алады деп ойлаймыз.