Бұл туралы облыстық қан орталығына жасаған рейд барысында қоғамдық кеңес мүшелері мәлімдеді.
Осыған дейін бірнеше денсаулық сақтау мекемесінің жағдайымен танысқан қоғам белсенділері енді қан орталығында болып, донорларға жасалған мүмкіндіктерді өз көздерімен көріп қайтты. Аталған медициналық мекеме өңірдегі 26 ірі аурухананы қанмен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 24 мың литр қан жинауға қауқарлы орталық донорларға зәру. Мамандардың айтуынша, күніне бар болғаны 70-тен астам адам өз еркімен келіп қан тапсырады. Ал негізгі керекті көрсеткіш – 200 адам. Енді бұл мәселеге қоғамдық кеңес мүшелері кірісіп, ірі кәсіпорындарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Татьяна Чернышева, қоғамдық кеңес мүшесі:
- Менің ойымша, мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары бұл бастамамызды қолдауға тиіс. Өйткені кез-келген уақытта біздің әрқайсымызға немесе туыстарымызға кез-келген қан тобы керек болуы мүмкін.
Хайрулла Жігітаев, облыстық қан орталығының директоры:
- Келген донорлардың 90%-ы өздері келіп, өз көңілімен келген қан берушілер. Енді қалған 10%-ы оған жетпейді. Кей кезде керекті қан тобы, резус фактор қажет болған жағдайда оларды өзіміз шақырып аламыз.