Құрбан Айт мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады

/uploads/thumbnail/20170709060543266_small.jpg

Құрбан Айт мерекесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы eGov сайтының 2016 жылғы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндері күнтізбесінде ресми жарияланған.

Биылғы Құрбан Айт дүйсенбі, 12 қыркүйекке келіп тұр. Заңнамаға сәйкес, Құрбан Айттың бірінші күні ресми демалыс болып есептеледі. Осылайша, қазақстандықтар 10, 11 және 12 қыркүйек күндері демалады.

Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «Ораза айттан»  70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Связанные Статьи