Дубайда әлемдегі тұңғыш тропикалық орманды қонақ үй ашылмақ

/uploads/thumbnail/20170709060612111_small.jpg

Әлемдегі ең биік ғимаратымен, жасанды аралдарымен атағы шыққан Дубайда 2018 жылы дүниежүзіндегі тұңғыш тропикалық орманды қонақ үй салынбақ. Бұл туралы «billionnews.ru» жазады. Шөлдің қақ ортасына салынатын жаңа үлгідегі қонақүйде жасанды жағажай, бассейн және төбесінде бұлт қалықтаған ағаштар өспек. Rosemont Hotel & Residences деп аталатын қонақүй кешенінің құны 300 миллион доллар.

Қонақүйдегі 7 мың шаршы метр аумақты джунгли алып жатады. Қолдан өсірілген тропикалық орманда келушілер үшін бассейн мен жағажай орналаспақ. Сондай-ақ бұнда 450 бөлме, VIP-салон, SPA-орталық пен  конференц-зал да бар. 47 қабатты мұнарадағы тропикалық орман экзотикалық өсімдіктермен безендірілмек. Бай қонақтар көліктерін өсімдіктер мен теңіз флора-фаунасы бейнеленген алып экран алдына қоя алады. Қонақйү аумағына, сонымен қатар 280 жеке резиденция, дүкендер де салынады деп жоспарлануда.

Связанные Статьи