Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Қисынсыз әңгімелердің алдын алу мақсатында, осында, өз парағымда өткен демалыста біздің отбасымыздағы әкеме қатысты қайғылы оқиға туралы айтқым келеді. Сенбі күні миына қан кетуіне байланысты ол ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп отыр. Қазіргі уақытта оның болашақтағы денсаулығына қатысты қандай да бір болжам жасауға ерте. Адамдардан алып-қашпа сөзге бой алдырмауды, отбасымыздың жеке кеңістігіне қатысты құқықтарын құрметтеуді сұраймын. Әкемнің амандығы үшін дұға жасаған барлық жанға алғыс айтамын», - деп жазады ол.