Ислам Кәрімовтің дүниеден озғаны хабарланды

/uploads/thumbnail/20170709060840425_small.jpg

Бүгін бірқатар ақпарат құралдары 79 жасқа қараған шағында Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімовтің дүниеден озғанын жазуда,-деп хабарлайды Qamshy.kz.

БАҚ-тың жазуынша, И. Кәрімов Ташкент уақытымен сағат 15-16.00 аралығында көз жұмған.

Алайда, бұл ақпаратты Өзбекстанның ресми органдары әлі растамағанын айта кеткен жөн.

Бұған дейін өзбек билігі президенттің науқастанғанын хабарлаған. Ал, оның қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің миына қан құйылып, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы Фейсбук желісінде жазған болатын.

Связанные Статьи