Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған күні.
Қолданыстағы Ата заң 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған болатын.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы.
Ал, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Парламенттік басқару нысанын белгілеген ол Конституция екі жыл өткен соң кұшін жойды.
1995 жылы қабылданған Конституцияға 1998, 2007, 2011 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.