Сомалидегі президент сарайының жанында жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20170709061151850_small.jpg

Сомали астанасы Могадишо қаласында жойқын жарылыс болып, 5 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Бәрі - жергілікті әскерилер. Ал полиция құрбандар саны артуы мүмкін дейді. Өйткені жараланғандар арасында ауыр халде жатқандар бар.

Жарылғыш президент сарайына жақын маңда іске қосылған. Жергілікті арналардың хабарлауынша, көлік ішіне жасырылған бомбаны жанкешті іске қосыпты. Соның салдарынан маңайдағы тұрғын үйлер едәуір зақымданған.

Терактіні аймақтағы «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы мойындады.

Связанные Статьи