Йемендегі қарулы қақтығыстардан осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам ажал құшты, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының Йемендегі гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасының өкілі мәлімдеді. Айтуынша, деректер жергілікті медициналық мекемелерден алынған. Алайда, соғыс отына оранған кейбір аудандарда аурухана атымен жоқ. Сондықтан қаза тапқандардың нақты саны бұдан да көп.
Айта кетейік, Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылдың тамызында басталды. Онда бұрынғы президент Әли Абдел Салахты қолдаған хуситтер мен қазіргі президент Абд Раббу Мансур Хади жақтастары соғысып жатыр. Былтыр соңғы президентке қолдау көрсету үшін Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның әуе күштері қатарға қосылды.