Батуми мен Сочиден елге орала алмай отырған отандастарымыз әуекомпаниямен соттаспақ

/uploads/thumbnail/20170709061148600_small.PNG

Батуми мен Сочиден дер кезінде кері қайта алай қалған еліміздің туристері «Skybus» компаниясымен соттаспақ! Ұшағынан техникалық ақау шыққан соң, әуе тасымалдаушысы барлық рейстерін кейінге қалдырған еді. Соның кесірінен 300-ге жуық отандасымыз төрт күннен бері курортты қаладан елге қайта алмай жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Негізі олар өткен жұмада елге оралуы тиіс еді. Бірақ Батуми мен Сочидің әуежайларын жағалап жүр. Өйткені кез-келген уақытта елге ұшақ шығып қалуы мүмкін. Оның үстіне туристерді сан соқтырған «Skybus» компаниясы да мән-жайды ашып айтпай отыр. Тек отандастарымызды елге қайтару үшін басқа ұшақ жіберіпті. Қазір олардың алғашқы легі Атырау мен Қарағанды әуежайларына қонып үлгерді. Қалғандары да бүгін түнде үйлеріне оралуы тиіс. Әбден ашуға мінген туристер енді әуе компаниясын сотқа бермекші.

- Төрт күніміз зая кетті. Теңіздің жағасында жатсақ та өзіміздің жоспарымыз бар ғой. Елде істейтін жұмыстар көп. Сондықтан әуе компаниясы шығынды өтеуі үшін соттасамыз, - дейді турист Виталий Несіпбаев.

Связанные Статьи