Сомалидегі лаңкестік әрекеттен ажал құшқандар саны артты. Соңғы мәлімет бойынша шабуылдан 22 адам қаза тапқан. Бұған дейін 12 тұрғын көз жұмды деп хабарланған еді. Тағы 30-дан астамы жараланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, ел астанасы Могадишодағы президент резиденциясының жанында мина орнатылған көлік жарылған болатын. Жергілікті ақпарат құралдары жойқын жарылыстан жақын маңдағы 2 аурухана ғимараты зақымданғанын айтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, экстремистердің көздегені жергілікті шенеуніктер көп тоқтайтын қонақ үй болған. Шабуылды «Аш-Шабаб» радикалды ұйымы мойнына алды.
Оставить комментарий