Қазақстандық ұялы байланыс операторы Kcell мен Ericsson компаниясы 4G|LTE жүйесін іске қосты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
БАҚ үшін өткен жиынға келген Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Сәкен Сәрсенов 2015 жылы министрлік 4G/LTE үшін жиілік бөлу туралы шешім қабылдағанын және бөлінген жиілікті ұялы байланыс компанияларына сатқанын айтты.
Қазақстандық операторлардың арасында 4G желісін соңғы қосқан ұялы байланыс операторы өкілінің айтуынша, 4G желісінің 3G-ден айырмашылығы интернеттегі парақшалар тез ашылады, әлеуметтік желіге сурет жүктеу, файлдарды өзіңізге басып алу 5 есе жылдам іске асады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 4G желісі Қазақстанның 13 қаласында қолжетімді болып отыр.
Оставить комментарий