Сомалидегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны артты

    Darkhan Muqantegi
    Сомалидегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны артты

    Сомалидегі лаңкестік әрекеттен ажал құшқандар саны артты. Соңғы мәлімет бойынша шабуылдан 22 адам қаза тапқан. Бұған дейін 12 тұрғын көз жұмды деп хабарланған еді. Тағы 30-дан астамы жараланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

    Естеріңізге сала кетейік, ел астанасы Могадишодағы президент резиденциясының жанында мина орнатылған көлік жарылған болатын. Жергілікті ақпарат құралдары жойқын жарылыстан жақын маңдағы 2 аурухана ғимараты зақымданғанын айтады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, экстремистердің көздегені жергілікті шенеуніктер көп тоқтайтын қонақ үй болған. Шабуылды «Аш-Шабаб» радикалды ұйымы мойнына алды. 

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025