Сауд Арабиясында имамдарды жаппай жұмыстан қысқарту жүріп жатыр. Биліктің бұл шешімімен 10 мың имамды жұмысынан шығарылса, шамамен 360 млн сауд риалын (шамамен 97 млн АҚШ доллары) үнемдеуге мүмкіндік туады, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz - ке сілтеме жасап.
Ислам істері жөніндегі министрлік имамдарға екі мүмкіндіктің біреуін таңдауды ұсынып отыр. Біріншісі – 5 уақыт намазын оқып, штаттық режимге сәйкес таңерттеңнен кешке дейін мешітте болу, екіншісі – жұмыстан шығу.
«Сауд Арабиясы тұрғындарының көп бөлігі имамдар ештеңе істемейді, жайдан жай көп айлық алады деп есептейді. Олардың айлық жалақысы 3 мың сауд риалы (шамамен 800 АҚШ доллары). Осыған байланысты, ислам істері жөніндегі министрлік «имам» мамандығының атауын, «уағыз айтушыға» ауыстыруды жоспарлап отыр. «Уағыз айтушылар» қажет болған жағдайда ғана уағыз айтады», - дейді министрлік мамандары.
Бұдан бөлек, уағыз айтушының дін және исламды уйрену саласынан жоғары білімі болуы тиіс.
Оставить комментарий