АҚШ-тағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында «Фэлкон-9» зымыран тасығышы жарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24Хабарға сілтеме жасап.
Ол «Спэйс-Экс» жекеменшік компаниясына тиесілі. Жарылыс соңы алапат өрт пен қою түтінге ұласқан. Тосын оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыс сынақ кезінде болған. Нәтижесінде зымыран мен ұшыру қондырғысы жойылды. Төтенше жағдайдың себебі әзірге белгісіз. «Фэлкон-9» зымыраны 3 қыркүйекте орбитаға израильдік жер серігін апаруы керек болатын.
Оставить комментарий