Пәкістанда христиан қауымына шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170709062054080_small.jpg

Пәкістанның Пешавар қаласында белгісіз біреулер христиан қауымына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24Хабарға сілтеме жасап.

Оларға қарсы әрекет еткен күштік құрылым өкілдері қаскөйлердің төртеуінің көзін жойған. Жергілікті арналардың хабарлауынша қастандықтан бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Пәкістан армиясының өкілі шабуылды ұйымдастырған төрт қаскөйдің қаза тапқаны және полиция олармен байланысы бар күдіктілерді іздеуге кіріскенін хабарлады. Әзірге шабуылды кімнің ұйымдастырғаны белгісіз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи