Саясаттанушы: Өзбекстан билігі президенттің туыстарына бұйырмайды

/uploads/thumbnail/20170709062051283_small.jpg

Тамыздың 28-і күні Өзбекстан Республикасының үкіметі президенттің денсаулығы нашарлағанын хабарласа, ертеңіне Ислам Кәрмовтың кіші қызы Лола Каримова-Тилляева әкесінің "инсульт алып, реанимацияға түскенін" жазып, оның болашағы туралы болжам жасамауды сұраған болатын.

Ал бүгін 2 қыркүйекте Reuters агенттігі "үш дипломатиялық дерек көзіне" сілтеме жасап, президент Ислам Каримовтің дүние салғанын мәлімдеді.

Ал қазақстандық саясаттанушы Ерлан Карин өзінің Фейсбук парақшасында Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценарийін атады. 

"Өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийлерімен ауысатынын болжау аса қиын. Әзірбайжандық деп аталатын сценарийдің - яғни, билік өкілеттігін отбасы мүшесіне берілуі – екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады. Өзбекістанда отбасы саяси ықпалдың факторы ретінде қалыптаса алмады", - деп жазады саясаттанушы. 

Саясаттанушы Ердан Кариннің пікірінше, ықтимал деген негізгі келесі сценарийлерді келтіруге болады:

Бірінші – «Арнаулы құрылымдар». Элитадағы бірден-бір ұйымдасқан топ – арнаулы құрылымдар өкілдері қазіргі кезде топтасып жұмыс жасауға қабілетті жалғыз күш. Жергілікті арнайы қызмет – Ұлттық қауіпсіздік қызметі өзбек билік жүйесіндегі негізгі құрылым болып табылады, және де сыртқы күштермен байланыстар осы құрылымдар арқылы жүзеге асып келген болатын, ал қазіргі жағдайда бұл да маңызды фактор.

Екінші - «Консенсустық фигура». Өзбек лидерінің денсаулығы туралы ресми ақпаратты президент баспасөз-қызметі немесе президент әкімшілігі құрылымдары емес, үкіметтің таратуы жергілікті билік иерархиясында премьер-министрдің қандай да бір ықпалды рөлі бар екендігін және оның тақ мұрагері ретінде сайлануы мүмкін екендігін байқатады.

Үшінші – «Конституциялық». Бұл сценарийдің болуы екіталай, десек те, оны мүлдем шығарып тастауға да келмес. 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына Мемлекет басшысын ауыстыру схемасын нақтылайтын бірқатар өзгерістер енгізілді: «Президент өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, оның құзыреттері уақытша Өзбекстан Республикасы Жоғарғы мәжіліс Сенатының төрағасына жүктеліп, «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес үш айдың ішінде сайлау өткізілуі тиіс».

Осы аталған үш сценарийді келтіре отырып, ең ықтималы, ол араласқан аралас нұсқасының жүзеге асуы - яғни күштік құрылымдардың бақылауы арқылы екінші және үшінші сценарий жүзеге асуы мүмкін екенін айтады саясаттанушы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи