Қытай компаниялары өнім шығаруға емес, қазақты жерсіз қалдыруға келгені анықталуда

/uploads/thumbnail/20170709063117291_small.jpg

Редакциямызға Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың, Парламент Сенаты мен Мәжіліс төрағалары, ҚР Бас прокуроры, орталық мемлекеттік органдар мен облыс басшыларының атына жазылған Ашық хат келіп түсті. Онда жер реформасына қатысты заңнаманың жетілдіріліп, шетелден, атап айтқанда, Қытайдан Қазақстанға көшірілетін кәсіпорындарға тоқтау салынуы, билік басындағы бірқатар лауазым иелерінің қызметінен кетуі, жер реформасына қарсы митингілерге шыққан, бүгінде қамауда отырған азаматтардың босатылуы талап етілген.

Хаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақ халқы мен Қазақстан азаматтарына!

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

Көшірмесі: ҚР Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевқа

ҚР Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нығматулинге

ҚР Бас прокурорына, ҚР ҰҚК Төрағасына,

Облыс әкімдеріне, Министрлерге, ҚР мемлекеттік іс пен

коррупцияға қарсы қызмет Агенттігінің Төрағасына

 

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті қазақстандықтар!

Жер Комиссиясының жұмысы барысында ШҚО-да жүз мың, Жамбыл обл. - 8,0 мың га жер Қытаймен біріккен компанияларға, Қостанай обл. – 810,0 мың га (комп. «Иволга», иелері Лужков-Розинов), алты облыста он млн га жер Ресейдің әскери полигонына 80 жылға және Байқоңыр ғарыш айлағы 50 жылға, ОҚО 2 млн га жер арабтарға, Ақмола обл. 32 мың га Германия азаматына, ОҚО-да бір әкім 37 жер актісін алғаны, қалалардың айналасындағы млндаған га жерлерді биліктегілердің заңсыз иеленгендіктен 2 млннан астам адам тиісті 10 соткаларын ала алмай отырғаны т.б. анықталды. Жер мемлекеттің  негізі болғандықтан, жер де, мемлекет те талан-таражға түсіп тоналуда.

Көрші елдер мен ел ішіндегі болған көне заманнан бергі дағдарыстар мен соғыстардың 3/4 жер мәселесінен туындаған. Оның ішінде біздегі алпауыттар мен шетелдік компаниялардың негізгі құнарлы жерлерді бөліп алып, 95-97% халықтың дымсыз қалуы қоғамдағы қақтығыстардың алғышарттары болуда.

Қытайға жер беру К.Мәсімовтың 24.10.2008 жылы Гонконгтың OPFG мен Jilin Grain Group компанияларын қабылдап, оларға соя мен рапс өсіруге бір млн га жер беруге 2009ж. мамырда қол қоюынан басталды. Қоғамдағы наразылықтан кейін Президенттің «шетелдіктерге ешкім жер сатпайды» дегеніне ел сенді. Бірақ, Халықаралық тұрақты даму институтының 2012 ж. тамыздағы баяндамасында, ҚР-да бекітілген ҚХР жобаларының ішінде Jilin Grain Group компаниясына соя өсіруге 1,0 млн га жер беру жобасы жүргені Президент сөзінің әдіра қалып, Мәсімов үкіметі ойына келгенін істеп жатқанын көрсетті.

А.Егеубаев, А.Жақыпбековтер жарияланған деректерде 2010-2015жж. ШҚО мен Жамбыл обл. құрылған ҚР-ҚХР 9 біріккен компанияларға берілген жүз мыңдай га жердің 75-100% игерілмеген. Соның бірі ЖШС «Бәтуа» 2012-2015 жж. бюджеттен 502,6 млн тг субсидия алған. Бұл, Үкіметтегі ұры-қарының, соя мен рапс өсіру үшін «жаңа технологиялар әкеліп жатырмыз» деген алаяқтық тірліктері.  

Ол компаниялар өнім шығаруға емес, алған жерлерін Гонконг т.б. биржаларда сату арқылы қазақты жерсіз қалдыруға келгені анықталуда.

Көршілермен достық қатынас пен өзара тиімді жобаларды іске асыру қажет. Бірақ, қоғамда қазіргі биліктің саясатын екі ел арасы мен ішімізде соғыс туғызатын, мемлекетке істелген сатқындық деп бағалауда. Оған қарсы елде сегіздегі баладан-сексендегі кемпірге дейін қару алып шығуға дайын! Бұл, қатардағы коррупция емес, жерді тоздырып, елді аздыратын және тәуелсіздікке қарсы жоспарлы түрде билік тарапынан істеп отырған мемлекеттік қылмыс!

Үкіметтің, Жер Комиссиясынсыз бастаған реформасында экономикалық тетік, нарықтық қатынас және бәсекелестікті жасайтын АДАМ яғни адам капиталын дамыту, ақпараттық технология, медиатека, инновация немесе жаңаиндустриальдық 30 елдің қатарына кіру мәселелері қаралмаған. Себебі, ол реформа заманауи ғылым мен технологияға негізделмеген. Ал, министрліктердің жанындағы өткен ғасырдың ортасында құрылған институттардың ескірген методикалары мен зерттеулері заман талабына сай емес. Сондықтан, ондай реформаға бөлінген (оның ішінде зейнетақы қорынан да) жүздеген млрд қаржы құмға сіңген судай, шенеуніктердің «бәтуалары» сияқты ұры-қарының қолында кетіп, ал реформаның өзі Форбс жазған, «батпақтың бір шетіндегі қойыртпақты шелекпен алып екінші шетіне апарып құю» болады.  

Бес жылға мораторий жариялауды басында қоғам қолдағанымен, Президент қаулысында мораторийдің тек мемлекеттік қордағы жерге ғана қатысты болуы, жер мәселесін билікке сену, – ол ұрыға үй күзеттіргенмен бірдей екенін көрсетуде. Биліктің ел сенімінен айырылуы, дағдарыстың тереңдеп азық-түліктің (қант, өсімдік майы т.б.) бір күнде 60-80%-ға қымбаттауы, елдегі саяси-әлеуметтік ахуалдың күннен-күнге күрделеніп, көктемдегі митингілердің қайталануының мүмкіндігі 75-90% екенін көрсетуде.

Осындай жағдайда Қытайдың 52 кәсіпорнын әкелеміз дегенді қоғамда надандық пен сатқындықтың қайсысы екенін түсіне алмай дал болуда?!

2010 ж. үш мұнай зауытының реконструкциясына $4,5 млрд қаржы бөліп, оның жұмысын Қытайдың екі компаниясы бастағанда Халықаралық Адам институты ҚХР-да жаңа технология жоқтығын дәлелдеп, ол ұсынған әлемдегі 7 үздік компаниялардың жоғарғы технологиялары енген еді. Қазақстан үшін экологияны бұзу мен елге хансулықтарды қаптатудан басқа мақсаты белгісіз, сол 52 зауыт ашық түрде тәуелсіз экспертизадан, одан кейін қоғамдық талқылаудан өтіп, солардың қорытындысы бойынша қоғамның келісімімен шешілуі керек.     

Шойгудың Қазақстанға әскер кіргіземіз дегені, - ол елде ондаған мың тыңшының қаптап жүргенін көрсетіп, оған ресми органдардың тиісті жауап бермеуі және ай сайын бас көтеретін лаңкестердің экстремистік секталарының жабылмауы, - ол ресми Астананың солармен үнсіз келіскені болып табылады.

1991 жылы БҚО мен Атырау облыстарының жерлерінде казактар автономия құрамыз деп даурыққанда, осы билік ел мүддесін қорғамақ түгіл, соларға қарсы бір ауыз сөз айтуға жарамады. Сол кезде М.Есенәлиев, С.Ақатаев, М.Әуезов, Ж.Әкім, А.Зейнуллин, А.Қадырбаева сияқты белсенділер елді ұйымдастырмағанда, сол екі облыстың тағдыры екіталай еді.

Қазір де, билік, қауіпсіздік және құқық органдары ел мүддесі мен қауіпсіздігі мәселелерімен айналысудың орнына, жерді қорғап ереуілге шыққандарды соттаудан әрі аса алмауы. Олар, өз балалары сотталатын болса қандай жағдайда болар еді...?! Біздің де барлық қазақ жалғызымыз. Біз, М.Боқаев пен Т.Аянның қылмыскер емес, елінің патриоттары екеніне кепілдік беріп қол қоямыз және оларды босатуды талап етеміз!

Жердің айналасындағы жоғарыда көтерілген мәселелерді ескере келіп, төмендегі шараларды іске асыруды талап етеміз:

-Жер Комиссиясы әр тоқсан сайын жиналып қоғамдағы тұрақтылық, жер мәселелері мен ауыл шаруашылығының стратегиясын шешетін ұйым, оның жұмыс топтары жоспарланған міндеттерді орындайтын тұрақты жұмыс тобы қызметін атқарсын;

-Жер мәселесінің ушығып, қоғамдағы дағдарыстың негізгі себепшісі К.Мәсімов екі айда жұмысынан кетсін және 2010 жылғы Президенттің шешіміне қарсы құрылған компаниялар жабылып, оларға берілген жер мен бюджеттің қаржысы мемлекетке қайтарылсын;

-Ел қауіпсіздігі мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында:

А. Осы уақытқа дейін бөлінген жер телімдерінің нақты иелерін анықтауға тиісті заңдар қабылдансын;

Ә. ҚР азаматтарына сатылған және жалға берілген жер көлемінің өсуіне байланысты прогрессивті салық салынсын;

Б. Жер Кодексіне (2003ж.)  ҚР азаматтары сатып не жалға алған жерді шетелдік және шетелдік үлесі бар компанияларға сату және жалға беруге тиым салатын баптар енгізіп, Кодексті түпкілікті өзгерту;

-АШ дамыту мақсатындағы жобалар әлем елдерінде қабылданған экономикалық тетік, нарықтық қатынас және бәсекелестікке негізделіп, оның адам капиталы, ақпараттық технология, медиатека, инновация арқылы дамытылсын.

Біз, бұл мәселені халық билікке сенбеген жағдайда, қоғамдағы бірлік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында көтеріп отырмыз! Ел дамуына кедергі келтірмей, оның қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін жол, «Жерді шетелге жалға беруге және жалпы сатуға тиым салынсын!» деген халық талабының орындалуы. Осы хаттағы талаптар орындалмаған жағдайда алдағы қараша-желтоқсанда Конституциялық заңға сай бүкілхалықтық референдум жариялайтынымызды мәлімдейміз.

Жер Кодексіндегі, халыққа 10 және 25 соткадан жер беру мәселесін шешу Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерінің мойындарында.

Құрметпен,

«Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы,  Қазақстан ғалымдар Одағы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), ҚР қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Мемлекеттік емес ұйым Ұйымдастыру алқасы атынан:

 

ӘКІМ Жанұзақ – ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары және КОНКОРД (Фр.) Академияларының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының І-ші орынбасары;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының

Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат»

қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық

қорының президенті;

ИСА Қазыбек  -  "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы

лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері;

НҰРЫПБАЕВ Мақсат - «Антигептил» қозғалысының ұйымдастырушысы;

ЕГЕУБАЕВ Айдын – «Нұротан» партиясының мүшесі, «Ұлы Дала қырандары» ұйымының Төрағасы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.М.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

«Алаш жолы» қозғалысы атынан:

СҮЛЕЙМЕН Жәнібек, ОМАРОВ Талғат, ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ Амандық, МАРАТ Уатқан, ҚЫСТАУБАЙ Геройхан – барлығы 7136 қол.

Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан:                                                                                                           

Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы, Қазақстан суретшілер Одағы, Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады;

ШАХАНОВ Мұқтар – Түрік әлемінің үздік ақыны, ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақ ұлттық Кеңесінің Төрағасы;

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымд. докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА

академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемл. Сыйлығының лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА

академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – А/Ш ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ЕЛЕШЕВ Рахымжан – А/Ш ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР

еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

Қазақстанның құрметті журналисі; 

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі,

ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – ҚР халық жазушысы, ҚР Мемл. сыйлығының лауреаты;

БАЙПАҚОВ Карл – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰА академигі;

ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,

 ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕРМАНОВ Жүрсін – ақын, қоғам қайраткері;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз»

жорналының Бас редакторы;

ЕЛУБАЙ Смағұл - жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану

ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша

филиала директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БАТЫРШАҰЛЫ Сайлау – ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту

қоғамының президенті;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ҚАЛЫБАЙ  Жарылқап - «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» жорн.бас редакторы;

САРЫМ Айдос -  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ

Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ӘЛІБАЕВ Серікбай – қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің экс-депутаты;

ҚАЙСАРОВ Уәлихан- қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің экс-депутаты;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия - тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы

Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала»

институтының директоры;

ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот - Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                     

БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи

-құқық орталығының төрайымы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – қоғам қайраткері, жорналист;

ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик     - экономист, БСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ Дәурен - «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Б. - «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы;

ТАЙЖАН Мұхтар -  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек - филология ғылымдарының кандидаты;

ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан - қоғам қайраткері; 

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші;

КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын;

ҚҰТТЫ Кеуімілжай - қоғам белсендісі;
МЕРГЕНБАЙ Сағидолла - қоғам белсендісі;

ТОҚАЙ Бірлік – журналист;

АЙТМЫРЗА Құрманғазы – желтоқсаншы;

ЖАНЫСБАЙ Талғат – саясаттанушы;

АҒЫБАЕВ Берік – саясаттанушы;

ЕРМЕКҚАЛИЕВ Айбар – саясаттанушы.

Мекен-жай: 050052, Алматы, До востребования-52. Кушаев А., тел.: +7757262054, Электрондық адрес:  congres16kz@gmail.com.

Связанные Статьи