Продюсер, тележүргізуші, актриса және өте сұл әйел - Баян Есентаева, маусым айындағы шулы оқиғадан кейін алғаш рет тележүргізуші, құрбысы Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат берді.
Бұл жаңалықпен теледива өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Тіркелушілер бұл жаңалықты қызу талқыға салып жатыр. Және кей оқырмандар Баянның бетін көрсетпей отырғанына алаңдаулы.
Айдар есімді оқырман: " Дұрыс, шындық ерте ме, кеш пе айтылуы тиіс! Осы атақты жұмыстан қатайыпта кеткен шығарсыз. Оларға аяушылық танытпау керек",- десе, Гауһар есімді оқырман: " Әркім өзі шешеді, көпшілікке жария етпеу керек еді..." деп пікір білдіруде. Бұл сұхбатта осы жылдың 10-шы маусымында болған оқиғаға Баян толық жауап бере ма, бермей ма әзірше белгісіз.