Шотландия Ұлыбританиядан бөлініп шығу туралы референдумның заңдық негізін дайындауды бастады. Бұл туралы ел үкіметінің бірінші министрі Никола Стерджен хабарлады. Өткен аптада ол бүкіл ел көлемінде осы мәселеге байланысты қоғамдық зерттеу жүргізілетінін мәлімдеген еді.
«Сегодня.ua»-нің хабарлауынша, Стерджен ханым бұған дейін Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы жөніндегі 23 маусымда өткен референдумға байланыссыз, Шотландияның ЕО құрамында қалуы керектігін айтқан.
2014 жылдың қыркүйек айында Шотландияда Ұлыбританиядан бөлініп шығу туралы референдум өткен болатын. Ол кезде тұрғындардың 55 пайызы елдің Ұлыбритания құрамынан шығуына қарсы дауыс берген.