ЮНЕСКО: Дүниежүзі бойынша білім жүйесін реформалау қажет

/uploads/thumbnail/20170709063542873_small.jpg

Білім жүйесін жаһандық реформа күтіп тұр. 

Бүгінде әлемде бірнеше миллион бала мектеп қабырғасын көрмей өмір сүруде. Егер қазіргі білім жүйесін реформаламаса бастауыш біліммен толықтай қамту үрдісіне тек 2042 жылы қол жеткізуге болады екен. Ал адам баласының толықтай орта білімді игеруіне тек 50 жылдан кейін ғана мүмкін болады. Бұл туралы ЮНЕСКО бастамасымен жасалған дүниежүзілік білім мониторингі туралы баяндамада айтылған.  

Дүниежүзілік білім жүйесін реформалау туралы баяндаманың авторлары 2030 жылға дейінгі Тұрақты Даму күнтәртібінде тұрған жаһандық мақсаттарға білімнің қандай әсері барын саралаған. Нәтижесінде жер бетіндегі барша халықтың білім жүйесін реформалау қажет деген қорытындыға келген. «Білім Планета және адамдар үшін» деп аталатын баяндамада білім саласындағы бағдарламаларда экология мәселелеріне көбірек орын берілуі керектігі де айтылған.  

«Бізге жаһандық даму үрдісіндегі білімнің орнына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгерту керек. Өйткені ол жекелеген адамдардың әл-ауқатына да, планетаның болашағына да үлкен әсер етеді» — деді, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова, Парижде өткен жиында.

Ирина Бокованың ойынша, жалпы білім жүйесі аз ұлттардың мәдениеті мен тілін қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Баяндамада атап көрсетілгендей, әлемдегі оқушылар мен студенттердің 40 пайызы өздері түсінбейтін тілде білім алады екен. Сондай-ақ жаңа құжат арқылы әлемдегі экономикалық талаптарға сай, әсіресе қарқынды автоматизациямен байланысты жоғары дәрежеде дайындалған мамандар мәселесі де көтерілді.  «Қазіргі қарқынмен 2020 жылға қарай тиісті жоғары білімі бар жұмысшылардың жетіспеушілігі 40 миллион адамға жетеді»  — дейді, баяндама авторлары.

Шарафат Жылқыбаева

Связанные Статьи