Айтыс туралы төрт кітап жарыққа шығады

/uploads/thumbnail/20170708152055998_small.jpg

Ертең Ұлттық академиялық кітапханада айтыс туралы бірнеше кітаптың тұсаукесері өтпек.

22 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының бірнеше кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Атап айтқанда, «Қазіргі айтыстың интеграциялық сипаты» ғылыми жобасы бойынша жинақталған «Айтыстану» атты ғылыми еңбектің, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтайдың «Ақын-жыраулар поэзиясы» ғылыми еңбегінің, «Аманжол-Сара» айтыстар жинағы және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазының «Қарашығымда көшкен бұлт» атты жыр жинақтарының тұсауы кесілмек. Айта кетейік, аталмыш шара сағат 11.00-де басталады.

Связанные Статьи