Ли Головкинмен айқасқысы келеді

/uploads/thumbnail/20170709065226889_small.jpg

Орта салмақтағы ирландиялық боксшы Энди Ли Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін хабарлады, - деп жазды Sports.kz.

Екі жыл бұрын Ли мен Головкин келіссөз жүргізген, алайда Геннадийдің әкесінің қайтыс болуына байланысты жарыс өтпей қалған. Енді ирландиялық боксшы келіссөзді қайта бастауға ниетті.

 «Соңғы жекпе-жектен кейін біраз үзіліс болды, бірақ боксқа қайта оралғым келеді. Титул үшін айқасқа қайтып оралудан артық не бар?  Дэнни Джейкобспен, Геннадий Головкинмен немесе басқа да үздік боксшылармен жекпе-жек өткізу жағынан еш күмәнім жоқ. Үздіктермен жұдырықтасып өзімді көрсеткім келеді, басты көздегенім де сол», - деген Лидің сөзін келтірді Independent.ie.

Связанные Статьи