Бүгін 23 сәуірде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде брифинг өткізді. Департамент бастығының орынбасары Игорь Тен, контрабандаға қарсы күрес басқармасының, посткедендік бақылау басқармасының, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.
Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті Алматы қалалық Ішкі істер департаментімен біріге отырып, 2014 жылдың 26 ақпан мен 10 наурыз және сәуір айының 18 мен 20 аралығында «ТРАНЗИТ» жедел профилактикалық операциясын өткізген болатын. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, Қырғызстан Республикасының мемлекеттік нөмірлері бар 210-нан артық көлік құралдары ұсталды.
Ұсталған көлік құралдарына қатысты, ҚР-ның кедендік шекарасын заңды түрде кесіп өткендігін және оларды жариялы түрде алып келгендігін анықтау үшін, «Қордай» кеденіне сұрақтар жолданды.
Алынған ақпараттардың қорытындысы бойынша, аталған көлік құралдарын заңсыз тасымалдағаны үшін, Қазақстан Республикасының 131 азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 430-бабының 1 және 2-бөлімдері бойынша әкімшілік істер қозғалды.
Қозғалған 131 материалдар бойынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 430-бабының 1 және 2-бөлімдері бойынша Қазақстан Республикасының 113 азаматтарына қатысты әкімшілік іс қозғалып, Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданып, 51 қаулыны қарау қорытындысы бойынша 490 080 теңге көлемінде айыппұлдар салынды. 48 көлік құралдарына қатысты алдын ала тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде, өйткені, ҚР ҚК-нің 325-бабында көрсетілген жауапкершілік қарастырылған қылмыстың белгілері бар.
Сонымен қатар, брифингте шетел көліктерін уақытша әкелу тәртібі түсіндірілді. Бұл автокөліктер өзге тұлғаларға қолдану немесе иемдену құқығы тек кедендік декларациялау және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу талабын орындаған жағдайда ғана беріледі.
Автокөліктерді әкелу кезінде кеден органы кедендік декларацияны тіркеу кезінен бастап, оны шығару немесе еркін қолдануға жіберуге дейін, шетел азаматында кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндеті туындайды, және автокөлік кедендік бақылауға түсіп қалады.
Яғни шетел азаматтарымен әкелінген шетел автокөлік құралдарын өзге тұлғаларға қолдану құқығы - кедендік төлемдер мен салықтарды төленген соң және кедендік декларация берілген жағдайда ғана беріледі.
Егерде уақытша әкелінген автокөліктер өзге тұлғаларға кеден органдарының рұқсатынсыз қолдануға берілген жағдайда кедендік төлемдермен салықтарды төлеу уақытысы қолдануға берілген күні болып саналады, егер бұл күн белгісіз болса жолаушы кедендік декларациясы кеден органында тіркелген күні болып саналады.
Жеңілдік тәртібімен әкелінген автокөлік құралын өзге тұлғамен жүргізу фактісін анықтаған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық болып қарастырылады, автокөлік құралын жүргізген тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады және әкімшілік айыппұл төлейді.
Сонымен қатар, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндеті және төлеу мерзімі келуіне байланысты, қарызды өтегенше автокөлік құралы кедендік бақылауға алынып, уақытша сақтау қоймасына орналастарылады.
Шетелдік жеке тұлғаға қатысты қалыптасқан қарызды өндіріп алуға қатысты материалдар, құжаттар тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу үшін автокөліктер шығарылған, яғни жолаушылық кеден декларациясы ресімделген кеден органдарына жіберілуі тиіс.Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеген соң автокөлік құралы кедендік бақылаудан алынады және оның иесіне қайтарылады.
Сонымен қатар, Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің жеке тұлғалары кедендік төлемдер мен салықтарды өз қалауымен төлей алады және осы көлік құралдарға қожайындық ету құқықығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, көліктерін алуға болады.
Алматы қаласы бойынша КБД
Баспасөз қызметі
"Қамшы" сілтейді