Британиялық әлеуметтанушылар қол жууға қатысты жаһанда болмаған ауқымды зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде бұл елде 62% еркек дәретханадан шыққан соң қолын мүлдем жумайды екен. Дәрет сындырған соң қол жумайтын әйелдер 40%. Зерттеушілер ерлердің тек 30% пайызы ғана дәретханадан шыққанда қол жуғанды дұрыс санайтынын айтады.
Зертеуді ұйымдастырған Лондонның Гигиена мектебі. Осы мектептің ғалымдары қоғамдық дәретханаларға ішіне сабын құйылған сенсорларды орнатқан. Сенсорлар қанша адамның қол жуып, нешеуінің қажетін өтеген күйі кетіп қалғанын тіркеп отырған. Зерттеу кезінде дәретханаларға 250 мың адам кірген.
Бұған қоса арнайы экрандарда «Қулығыңызды асырмай қол жуыңыз» деген сияқты, тазалығы жоқ адамға бактериялар өш келетінін насихаттаған үндеулер жарияланған. Бірақ осындай насихат сөздердің өзі пенделерге әсер етпесе керек, нәтижесі әлгіндей. Clostridium (клостридиоз диффициле), ішек-қарын тұмауы, т.б. аурулар қолды таза ұстамаудан болады дейді мамандар.
Айғаным Біртуар