Корей Халық Демократиялық Республикасының 9 қыркүйекте ядролық қаруды сынауына байланысты Жапонияның Премьер-министрі Шиндзо Абэ Солтүстік Кореяға қосымша санкциялар дайындау жөнінде тапсырма берді. Жапон үкіметі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі арқылы Пхеньянға қатысты жаңа санкиялар енгізілетінін айтты. Сондай-ақ ол Пекин мен Мәскеуді бұл бастаманы қолдауға шақырды. Бұл туралы «RT» порталы хабарлайды.
«Жапонияның Премьер-министрі Шиндзо Абэ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтуге тапсырма берді» деді, Жапония үкіметінің бас хатшысы Йошихидэ Суги. Бас хатшының сөзінше, Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкцияның енуіне барын салмақ.