ШҚО-да «Enactus Kazakhstan Summer Camp 2016» бизнес-лагерь өз жұмысын аяқтады

/uploads/thumbnail/20170709071113562_small.jpg

Студенттерге арналған «Enactus Kazakhstan Summer Camp 2016» бизнес лагерь маусымын аяқтады. Ол Enactus Kazakhstan тарихындағы  екінші лагерь, елдегі белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым, деп хабарлады өңірдің ақпараттық орталығында.

Биыл Семейде «Құрылысшы» санаторийі базасында 15-20 тамыз аралығында халықаралық жазғы бизнес мектебі жұмыс істеді. Оны Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің қолдауымен Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсе ұйымдастырды. Демалыс орны студенттердің қарқынды білім алуы мен тренингтер өткізуге арналған. Жазғы мектеп қызықты бизнес жобалар, диалог алаңын, Enactus бағдарламасының студенттік көшбасшылары мен табысты бизнесмендерінің өнімді ынтымақтастық  зертханасын құру алаңы болды.

  «Enactus Kazakhstan Summer Camp 2016»  лагерінде елдің әр өңірлерінен 10 студент демалды.  Олар мәдениет, бизнес, мемлекет қайраткерлерімен араласып, қазақстандық және халықаралық кәсіпкерлік сарапшыларынан кеңес алды, мансабын сәтті қалыптастыру үшін байланыстарды реттеді. Жазғы мектепте Enactus Kazakhstan әріптестерінен шеберлік сыныптары өтті. Осының барлығы студенттердің кәсіби және тұлға ретінде дамуына ықпал етті.  

Связанные Статьи