«Шығысэнерготрейд» ұйымына жаңа басшы келді

/uploads/thumbnail/20170709071115280_small.jpg

ШҚО «Шығысэнерготрейд»  энергия үнемдеу ұйымына жаңа бас директор келді. «ШҚО өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Серіктестіктің бас директоры лауазымына Текешов Ерлан Хасенұлы тағайындалды.

Ол еңбек жолын 1982 жылы бастады. Сауда және қызмет департаментінің геологы, штаттан тыс инспекторы, ШҚО әкімі аппаратының «Істерін басқару» ҚМКК  бас директоры  болды. Өскемен ТКШ, ЖКАЖ бөлімін, құрылыс бөлімін басқарды, ШҚО құрылыс басқармасы бастығы лауазымын атқарды.

Әр жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Тарбағатай ауданының әкімі, ШҚО әкімінің орынбасары болды. Тағайындалғанға дейін «ШҚ ӨЭК»  АҚ дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болды.

Связанные Статьи