Алматы облысында полиция азаматтарға саяси қуғын-сүргін жылдары зардап шеккен туыстары жайлы ақпарат іздеуге жәрдемдеседі.
Облыстың ІІД баспасөз қызметі 2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өңір полицейлеріне 8000-нан астам мұрағат құжаттарын бергенін хабарлады.
«Мұрағат кейіннен сот органдары ақтаған қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты құжаттарды, сондай-ақ ҰОС уақытында тұтқынға түскен кеңес сарбаздары туралы сүзгіден өткен материалдар, Германиядан өз еліне қайтарылған бұрынғы КСРО азаматтары туралы материалдарды қамтиды», - деп хабарлады облыстың ІІД ақпараттық-талдау орталығы бастығының орынбасары Жанар Тұрғанбекова.
Қазір полиция өз отбасыларының тарихын қалпына келтіргісі келетін адамдарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы ақпараттарды ҚР ІІМ ведомстволық порталынан білуге болады. Ол жерде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар және оларды реабилитациялау туралы деректерді бойынша «Мемориал» сервисі құрылды.
Бөлімге мемлекеттік қылмыс және контрреволюциялық қызметі үшін РКСФР ҚР 58 және 59-бабы бойынша түрлі мерзімге сотталған және үкім кесілгендердің қылмыстық ісінен мәліметтер енгізілген.
«Алматы облысының 4356 реабилитацияланған тұрғындарына қатысты ақпараттары бар дерекқорын қалыптастыру бойынша жұмыстар аяқталды. Өткен жылы қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстарынан, ғалымдардан, зерттеушілерден 82 өтініш келіп түсті, олардың 12-сі оң жауап алды. Азаматтар туыстарының суреттерін, басқа да материалдарды тапты», деп атап өтті ол.
Оставить комментарий