Назарбаев Алматы облысына сапарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709071757833_small.PNG

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары барысында  өңірдің  бұрынғы елдегі    қызылша шаруашылығындағы жетекшілік рөлін қайта жаңғырту бойынша жүргізілген ауқымды жұмыс барысымен танысты. 

Елбасына жергілікті аграршылардың жетістігі Ескелді ауданында орналасқан «Нам» шаруашылық қожалығының жұмысы арқылы ұсынылды.

Екі жыл бұрын айтылған нақты тапсырмаларды іске асыру барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров айтты. Бүгінде өңірде қант қызылшасын егу алаңы 2500 гектарды құрайды. Әкімнің орынбасары Алматы облысында қант қызылшасын жинау енді басталғанын хабарлады, алайда алғашқы нәтижелер көңіл қуантарлықтай. Бір түп  - 6.5-7 келі өнім беруде. Бұл облыс аграршылары гектардан 700 центнерден астам өнім жинайды деген сөз. Өткен жылы инвесторлардың арқасында тоқтап тұрған Көксу қант зауыты қайта іске қосылды. Биыл жаңғырту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев қызылша мен соя егістіктерін аралады. Өңір ноу-хауы - электронды жер картасымен танысты. Жаңа енгізілім көмегімен әрбір қазақстандық өңірдің егіс алаңдарының жағдайымен таныса алады. Бұл шаруашылық қожалықтарының өз жер алаңдарын пайдаланудың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президенті агроөнеркәсіптік кешен басшыларымен кездесті. Өңірдің жетекші фермерлері мен аграршылары Мемлекет басшысына өз жетістіктері жайлы айтып берді.

 «Алматы облысы қант қызылшасы, жүгері, алмасы арқылы  кеңінен танымал болып келген», - деп атап өтті  Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында. - Сондықтан осы дақылдарды егу алаңын арттырып қана қоймай, сапасына да баса ден қою қажет. Республикада отандық қанттың үлесі небәрі 10 пайызды құрайды, бұл көрсеткішті ұлғайтып, Көксу, Ескелді қант зауыттарын жаңғыртуды жалғастырып, Ақсу ауданында  қайта жөндеу жұмыстарын бастау керек».

Оставить комментарий

Связанные Статьи