Жастар елдің ертеңі. Облысы әкімінің тапсырмасы бойынша әр аудан-қалада тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жастар форумын өткізу белгіленген еді. Бүгін Жамбыл ауданында аталған мерекемен Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай ауқымды мәдени шара өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Оған танымал тұлғалар мен өңірдегі белсенді жастар қатысты.
ГҮЛНАР ЕРМЕКБАЕВА ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тәуелсіздікке 25 жыл және жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай бір қатар белсенді жастар аудан әкімдігі тараптан марапатталды. Бұлардың бірі спорттан, бірі өнерден, бірі олимпиададан тағысын тағы әр саладан жетістікке жетіп ақындар мен батырлар елінің абыройын асырғандар. Яғни жастардың қоғамның қозғаушы күші бола аларын дәлелдегендер. Олар елдің ертеңгі жарқын болашағын жасауда ұлттық қасиеттерге бай, әрі әмбебап әрі білікті мамандар болып шығуы керек екенін жақсы түсінеді.
ДАМИР ЖҰМӘДІЛҰЛЫ ЖАС БОКСШЫ
Алматы облысынында бірінші орын алып, республикалық чемпиянатқа бардым. Және ол чемпиянатта өз салмағым бойынша жеңімпаз атандым. Сол үшін маған спорт шебері атағы берілді.
РУСЛАН АНДОСОВ ОҚУШЫ
Бұл Форумның өтуі болашақтағы алар асулар біз сияқты оқушылардың қолында екені, біз үшін жасалып жатқан дүниелердің көп екенін сездірді. Тек ғана бізге қойылатын басты талап, оқу, білім алу, қазақ елін көтеру басты мақсат болып саналады.
Еліміздегі жастар саясаты жалын жүректі жастардың тай талабын қамшылай түскені анық. Себебі салауатты өмір салтын ұстанып спортты жандарына серік етуде, Жамбыл жастары белсенді. Әрине бұл жастарға көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың жемісі. Тек биылғы жылдың өзінде облыс көлемінде 434 миллионнан астам қаражат жастарға арнап бөлінген.
БАҚТИЯР ЖАҚСЫГЕЛДІНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы облысымыз жастарына өте көңіл бөлініп жатыр. Өйткені жақында ғана жастарға арналған жастарға қызмет көрсету сарайы салынды. Оқушылар сарайы салынып жатыр. Оның бәрі болашақ жастарымыз үшін. Облыс әкімі және Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен салынып жатқан дүниелер. Міне осылардың барлығы жастарға арналып жатыр.
Бүгінгі таңда ауданда 42 мыңға жуық жастар өкілдері тұрады.Олардың ішінде 80 ге жуығы жергілікті басқару органдарында мемлекеттік қызметкер болса, 15 мыңнан астамы әр салада еңбектенуде. Сондықтан да жиналыстың мақсаты - жастардың елжандылығын, отансүйгіштігін нығайуға бағытталуы керек дейді аға буын өкілдері.
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ МӘСКЕУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
Баяғы ақсақалдар айтатын; сендер біздің жас кезіміздегідей емессіңдер -деп. Жоқ олай емес, қазіргі жастар бізден мықты. Сондықтан да біз оларға әр қашанда бағыт-бағдар беріп отырсақ болды. Біздің жастар ақылды. Жастар өсе берсін.
Міне осылайша тәуелсіздігіміздің тұғырлы, азаттығымыздың ғұмырлы болуына жастар бейімделе бермек. Шара аясында аудандағы өнерпаздар концерттік бағдарлама қойды. Алда облыстық жастар форумы өтеді деп жоспарлануда.
Оставить комментарий