Құрбан айтты тойлауды мешіттен бастаған Баталов барша жетісулықтарға ізгі ниетін білдірді

/uploads/thumbnail/20170709072020725_small.PNG

Бүгін әлемдегі миллиардттаған мұсылман үшін  ең ұлық мереке Құрбан айт басталды. Ораза айттан соң 70 күннен  кейін тойланатын мейрам елімізде мемлекеттік мереке санатына ие, сондықтан алғашқы күні  ресми демалыс ретінде жарияланған. Айтты тойлау айт намазын оқудан басталады. Талдықорғандық жамағат осы міндетті орындау үшін міне Алматы облысындағы ең үлкен "Иман" мешітіне келіп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.

Таң рауандап атқаны сол еді, тұрғындар мешітке қарай ағылды. Әдеттегідей қоғамдық көліктер де қасиетті мереке үшін таңнан жұмысқа кірісіп, көпшілікті Алла үйіне жеткізді. Әрбір мұсылман ғұсыл дәрет алып, бойын тазартып алған. Ал жетісу жеріндегі ең үлкен "Иман" мешітінің іші жамағатқа лық толды. Ел жиналғанша имам уағыз айтып, 3 күндік мерекеде жасалатын игі амалдарды түсіндірді. 

Жұртпен бірге уағыз тыңдап, намаз өтеуге келгендердің арасында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та бар. Мерекені тойлауды мешіттен бастаған әкім барша  жетісулықтарға ізгі ниетін білдірді.   

Осыдан соң барша қауым айт намазына жығылды. Талдықорған өңірі бойынша биылғы Құрбан айт намазының басталуы сағат 7 ге сәйкес келді. Яғни, күннің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­дей уақытында жамағат Қағбаға жүзін қаратты.

Құрбан айттың басты міндеттерінің бірі - қан шығару, яғни мал сою. Намаздан соң көпшілік құрбан шалу рәсіміне қатысты.  жамағат жаратушыға жалбарынып тілек тіледі, садақа берді. Кейін «айттауды» бастап кетті.

Құрбан айт күні  адам баласының жомарттығы сыналады. Сондықтан, мешіт қауымдастығы  мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт кісілерді айт намазынан соң үйлеріне көлікпен тегін жеткізді. Ал "Самұрық" такси паркі жол ақысына 100 теңге жеңілдік жасады. Жалпы үш күндік айт мерекесінде мұсылмандар барынша мейірімді болуы керек, көтеріңкі көңіл күйде, кешірімді болуға тырысу қажет. Осы арқылы айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады екен. 

Талдықорғандықтар жылдағыдай айтты ерекше етіп тойлады.  Той думан әсіресе мешіттерде  қызыа түсті.   Айтшылап келген  жұрт ұлттық спорт ойындарынан сынға түсті.  Палуандар боз кілемде күресіп,  балалар асық ойнап жарысты. Отбасылық түрлі байқаулар өтіп, айттық сыйлықтар берілді. 

Мешіт ұжымы биыл да қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.  Жағдайы төмен отбасылары мен зағип жандарға және  мүгедектер қоғамдық ұйымдарына құрбандықтың етін таратты. 

Құрбан айтты тойлаудан өзге қазір әлем мұсылмандары арасында шамасы келгендері қажылыққа барған. Биыл елімізден барлығы 3 мыңға тарта азамат осы парызын өтеуге ниет білдіріпті. Бұл былтырғыға қарағанда мың адамға кем екен. Қажылар Умраны өтеп, Мина мен Арафада құлшылық қылып, Мұздалифадан тас алып шайтанға атады. Аллаға құлшылық қылып, күнәләрін кешіруді сұрайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи