НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНДА ЖАҢАДАН САЛЫНАТЫН НҰРКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

/uploads/thumbnail/20170709072624952_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Талдықорған қаласының Жастарға қызмет көрсету орталығына барған кезде шекара маңында салынғалы жатқан Нұркент қаласының бас жоспарымен, орталықтың жұмысымен, өңірдегі жастар саясатының негізгі бағыттарымен танысты.

Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, жаңа қала Панфилов ауданының аумағында, Қазақстан-Қытай шекарасында бой көтермек. Болашақта Нұркентте 100 мың халық тұратын болады деп жоспарлануда.

Одан бөлек, Елбасы  Жаркент-Қорғас агломерациясын дамыту жобасын қарап шықты.

Естеріңізге салсақ, бүгін президент Н. Назарбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барған болатын. Сапар барысында Елбасы өңір дамуымен танысып, Оқушылар сарайында, «Жастар» саябағында, қалалық көпсалалы ауруханада, «Г.Нам» шаруа қожалығы мен Текелі кен өңдеу кешенінде болды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи