Президент Нұркент қаласының даму жоспарымен танысты

/uploads/thumbnail/20170709072722046_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары барысында жаңа Нұркент қаласының дамуының бас жоспарымен танысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Назарбаев Талдықорған қаласының дамуының бас жоспарымен, сондай-ақ Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жобасымен танысты.

Нұркент қаласы "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының құрамына кіреді. Болашақта бұл қалада 100 мыңнан аса адам тұрып, ауданы 300 гектардан асады. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылы аяқталады. Осыдан кейін бұл шекара аймағы жаңа Жібек жолының тірегіне айналады.

Еске салайық, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келіп, әуежай мен әуе вокзалы ғимаратына барды. Мемлекет басшысы әуежай мен әуе вокзалы ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаңарту жұмысы, әуежайды және өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.

Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өндірісі кешенінде болды. Ақорданың баспасөз қызметі мәліметінше, Елбасы  кәсіпорынның жұмысымен танысты. Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өңдеу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы баяндалды. 

Кейін Мемлекет басшысы Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасында болды. Қазақстан Президентіне облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Елбасыға алғыстарын айтты. Кейін Қазақстан Президенті Оқушылар сарайында болып, оларға жайлы автобус сыйлаған еді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи