Жапон әйелі үйіндегі тарақандарға жаны ашып, елге таратып берген

/uploads/thumbnail/20170709072905704_small.jpg

Кобе қаласында бастауыш мектептің қызметкері  үйіндегі тарақандарды өлтіруге қимай, теріп алып азық-түлік дүкеніне әкеліп тастаған. Бұл туралы жапон порталы "Sankei.com" хабарлайды.

Дүкеншілер сөрелердегі жиырма шақты тарақанды байқап, полицияға хабар береді. Полицейлер бейнекамераны тексеріп, «қылмыскердің» фотороботын жасаған.  Камераға әйелдің азық-түлік сөресінің түбіне өзінің сөмкесін қойып жатқаны түсіп қалыпты. Полицейлер әйелді тауып, неге олай істегенін сұраған. Сөйтсе Кобе тұрғыны «Үйімдегі тарақандарды өлтіруге қимадым, ұзақ өмір сүрсін деп, дүкенге әкеліп тастадым. Бірақ дүкенге нұқсан келтіруді ойламаған едім» деген екен. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи