Бақытжан Сағынтаев: БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ КӨП ЖАҒДАЙДА ҮКІМЕТТІҢ ӨЗІ КІНӘЛІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709073358349_small.JPG

Үкімет отырысын өткізген Премьер-министр елдегі бағаның өсуіне байланысты осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Бірінші кезекте біз бағаның өспеуін қадағалау керекпіз. Маусымдық өзгерістерге байланысты себептері бар, түсінеміз. Бірақ, баға көп жағдайда тиісті шешімдер қабылданып, алайда, біздің өзіміздің шара қолданбауымыздан өсуде. Мен айтылған ұсыныстармен толық келісемін, бізде өндіріст, сауда-саттықты қолдайтын, бағаны ұстап тұратын тетіктер бар, бірақ, олар жұмыс істемейді, өйткені, жер-жерлерде әкімдер тарапынан бақылау жоқ, барлық уақытта ана жерде жақсы, мына жерде жаман деп, қайдағы бір сандар төңірегінде саудаласамыз», - деген Б. Сағынтаев бағаны реттеуде жүйелі жұмыс керектігін баса айтты.

«Біздің кей әріптестеріміз лауазымға тағайындала сала жүйелік шаралар қабылдау орнына базарларды аралап, бағаларды тексеруге құмар. Оны бәріміз көріп отырмыз. Солардың барлығы өздері барар алдында базарлардағы бағалардың да қажетті сомаға «жаңартылып» қойылатынын да біледі. Тексеріс кеткен соң ол бағалар қайтадан өзгертіледі. Сондықтан, біз өзімізде шығарылатын азық-түлік бағасының өспеуі үшін нақты жүйелік шаралар қабылдау керекпіз», - дейді премьер-министр.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ, бағаның қымбаттау себебіне үңілмей, түрлі сылтауларды алға тартатындарды да сынға алды.

«Егер сіз электр энергиясының бағасының өсуін айтсаңыз, оның белгілі бір тауар бағасына қаншалықты әсер еткенін көрсетіңіздер. Реттеуіштер бар. Жанар, жағар май бағасын біз биыл емес, былтыр көтердік. Ал, қазір келіп тағы да жанар май бағасын сылтауратамыз. Бұл бәрінен басын алып қашу боп саналады», - деген Б. Сағынтаев Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаева Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп, бір ай ішінде нақты шаралар қабылдауды, ол шаралардың нақты нәтижелерін ұсынуды тапсырды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи