Ашық-шашық киімі үшін Ресейде барби қуыршағы сатылымнан алынып тастауы мүмкін. Бұл туралы 24TV хабарлайды.
Ресей Федерациясының ойыншық өндірушілері мен сатушыларының ассоциациясы қуыршақтарға діни және ұлттық аспектілер тұрғысынан міндетті психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізуді ұсынды. Сарапшылар зерттеуінің нәтижесінде барбидің Ресей территориясында сатылуына тиым салынуы тиіс. Себебі, қуыршақ еуропаша, яғни тым ашық киінген. Ал бұл жергіліктіхалықтардың ұлттық және діни таным-түсінігіне қайшы келеді.
Оставить комментарий