Ninety One тобының әні түрік чартында бірінші орын алды

/uploads/thumbnail/20170709080156569_small.jpg

Ninety One тобының "Қайтадан" деп аталатын жаңа синглы TMB телеарнасының түрік чартында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. TMB (Turkish Music Box) шығыс музыкасының жаңа хиттерін тарататын телеарна.  

 

Қазақстандық поп-топ 2014 жылы құрылып, Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болып үлгерді. "Айыптама" деп аталатын бірінші сингл 2015 жылдың 1 қыркүйегінде шықты. Ұжым кореялық поптың Қазақстандағы негізін қалаушысы саналады. Осы топ жаңадан Q-pop (Qazaq pop) бағытын ашып отыр. Продюсері - "Орда" тобының солисі Ерболат Беделхан. 

Топ танымалдығымен қатар қоғамда дау туғызып, қарсыластарын тауып үлгерген. Қазақстан шоу-бизнесінің бірнеше өкілі бұл жанрға, мәнерге және бағытқа қарсы болып, өткір мәлімдемелер жасаған да еді. 

Айта кетейік, "Қайтадан" композициясы 6 күн ішінде 300 мыңнан аса көрілім жинапты. Қазіргі уақытта роликті 1,4 миллион рет көрген. 

     

Оставить комментарий

Связанные Статьи