«Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық мәслихат жанындағы «ТҮКШ инфрақұрылымын, су және жылу құбырларын модернизациялау, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша бюджеттік қаражаттар және Ұлттық қор қаражаттары мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау комиссиясымен Көкшетау қаласындағы «Қопа көлі жағасында тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді қалпына келтіру» объектісіне (ауданы 128,9 га учаскеде) рейд жасады. Көшпелі отырыс жұмысына комиссия мүшесі, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі аймақтық орталығыны директоры Әлібек Баймағамбетов, «АП-Импэкс» ЖШС директорының орынбасары Жетібай Жақыпов, комиссия мүшесі, «Зеленострой» ЖШС директоры, Ақмола облыстық мәслихат депутаты Геннадий Осиненко, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің кеңесшісі Айжан Әбішова және «АП-Импэкс» ЖШС жұмысшылары қатысты.
Аталған нысан Қопа көлінің жағалауы жаңа шағын ауданның құрылыс орны болып табылады және жаңартылған магистральді құбырлар болашақ тұрғын үй кешеніне қосымша жылу беруге және облыстық емханаға дейін тұрақты жылу тасымалдау мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Нысанның мақсаттық міндетіне 70 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету, сонымен қатар, 13,42Гкал/сағ соммалық жылу жүктемесі және жобалы нысандарды 26,69Гкал/сағ жылумен қамтамасыз ету кіреді. Мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырушысы ретінде Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ болса, Бас мердігер ретінде «АП-Импэкс» ЖШС болып табылады.
Іс-шара барысында «АП-Импэкс» ЖШС директорының орынбасары Жетібай Жақыпов комиссия мүшелерін атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. «Аталмыш кезеңде құбырларды өткізгеннен кейінгі жұмыстар және нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары 15 қазанда аяқталуы тиіс, алайда біз тапсырыс мерзімінен 3 апта алда келе жатырмыз», - деді ол.
Комиссия мүшелері орнатылып жатқан құбырлардың жалпы ұзындығы жайлы сұраққа, Жетібай Жақыпов нақты жауап берді: «Жобаға сәйкес ағымдағы жыл үшін жалпы ұзындығы 2601 м құбыр желісінің құрылыс-монтаждау жұмысы жоспарланған. Егер 2015 жылы 426,5 м жылу құбыр желісі жөнделсе, осы кезең үшін 2134,5 м құбыр желісі жөнделген, бұл өз кезегінде құрылыс-монтаждау жұмысының қарқынын айқын көрсетеді».
Іс-шара соңында депутаттық комиссия мүшелері «АП-Импэкс» ЖШС жұмысшылары мен директоры орынбасарынан қаржылық және түйіткілді мәселелер туралы сұрастырды. Жұмысшылар мен директор орынбасары жалақылар уақытында беріліп жатқаны және осы бағытта «Нұрлы Жол» бағдарламасы өз септігін тигізіп жатқаны жайлы айтып берді.
Іс-шара соңында Ақмола облыстық мәслихат депутаты Әлібек Баймағамбетов айтқандай, депутаттар алдағы уақытта мұндай көшпелі отырыстар мен кездесулерді одан әрі өткізуге ниетті.
Бүгінгі таңда «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту», «ТҮКШ инфрақұрылымын, су және жылу құбырларын модернизациялау, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту», «Индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау», «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» және «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағыты бойынша Ақмола облысында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бағытталған қаржылық ағымдарды тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау бойынша депутаттық фракция мүшелерінен жасақталған комиссия ерекше өзектілікке, маңызға ие екен атап өткен жөн.
Комиссиялар Еліміздің Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын бұлжытпай орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Жамбыл Қырғызбай
Оставить комментарий