Қазақ тілінің қадірін кетірмейік

/uploads/thumbnail/20170709081416525_small.jpg

Қазақ тілі

Шала қазақтың тілі

Қазақ тілі

Шала қазақтың тілі

Кім

Сен бе

Мен бе

Сіз бе

Біз бе

Үйлендің бе

Сөйлей ме

Түсе ме

Келе ме

Жүре ме

Ойнамай – ақ қояйық

Аурушаң

Аурушаңдау

Бұрын

Ақша аудару

Залалсыздандыру

Залалы

Шегіру, азайту

Қалмай

Қалмады

Болуы керек

Жылтыңдап

Міндет қылма

Міндет қылып

Болған

Болған

Келген

Айтқан

Тоқтаңызшы

Сол

Сол ғой

Саған айтатын сөзім бар

Үйрет

Үйретіңізші

Салауатты

Өтіп бара жатырсыз

Қарап тұрғаным ғой

Айтқаным ғой

Сұрағаным ғой

Ойнағаным ғой

Тез жеттім (машинамен)

Бос келемін

Қателесті

Ауыл

Боралдай ауылы

Ықшам аудан

«Водник» ықшам ауданы

Қала

Ренжіткен жоқ па

 

Ішетін сусын жоқ па

Жерлес

Туысқан

Толық адам

Жерлес, қалың жақсы ма

Туысқан қалың жақсы ма

Басымды қатырма

 

Қауын – қарбыз жәрмеңкесі

Ағайынды батырлар

Алдама

Алдап кетті

Бірдеңе керек пе

 

Шу шықты

Ол бір әуре

Үстазсыз ба, мұғалімсіз бе

Судың ағыны

Өмір ағысы

Ағын

Биылғы жылғы

Күн өтіп барады

Солай беріңіз

 

Кым?

Сен ба?

Мен ба?

Сыз ба?

Біз ба?

Үйлендың ба?

Сөйлейді ма?

Түседі ма

Келеді ма

Жүреді ма

Ойнамақ қойақ

Ауыршақ

Ауыршақтау

Бұрындары

Ақша аударымы

Зарарсыздандыру

Зарары

Шегерім

Қамай

Қамады

Боу керек

Жылтиып

Міндет қыма

Міндет қып

Боған

Боғанды

Кеген, кегенды

Айтқанды

Тоқтап жіберіңіз

Со

Со ғо

Сен де әңгіме бар

Үйретсей, үйреткін

Үйреткізіңізші

Саламатты

Өтіп бар атсыз да

Қарап атқаным да

Айтып атқаным да

Сұрап атқаным да

Ойнап атқаным да

Тапит еттім

Паражняк кел атырым

Косякқа еніп атыр

Кент

Боралдай кенті

Кент

«Водник» кенті

Кент

Обижайт етіп

атқан жоқ па?

Сушняк жоқ па?

Зема

Братан

Шкап

Зема қалайсын

Братан қалайсын

Мазганы

кампастировайт етпесей

Қарбыз фестивалі

Ағайынды патриоттар

Құлаққа лапшаны ілме

Құлаққа теуіп кетті

Проблема керек

боп атыр ма?

Хайвай боп атыр

Ол бір кәнител

Ия қазақоведпін

Судың ағымы

Өмір ағымы

Ағым

Биылғы ағымдағы

Күн өтіп бар атыр

Солай ұра беріңіз

Ұсақтап беріңіз

Жақсы жазыпты

Жақсы істейді

Мә

Маңдайы

Шашлық

Сұрап отырған

Бара жатырсың

Кіре берейік пе

Шәй ішейік пе

Шәй ішейік

Жүрейік

Көрейік

Айтайық

Біріншісі ме

Екіншісі ме

Үшіншісі ме

Төртіншісі ме

Бір ме

Екі ме

Үш пе

Төрт пе

Бес пе

Таныдың ба

Ұқтың ба

Түсіндің бе

Құлайсың

Қалмасын

Ішкізу

Ішкіз

Ішкізе ме

Артқа қарай жүр

Теледидар көрсетпейді

Біздікі

Бізден

Бізге

Жолдан отырған

Түрегеліп

Түрегел

Өткізесіз бе (өткізесің бе)

Дайындап қоясыз ба  (қоясың ба)

Жаттығасыз ба (жаттығасың ба)

Алмайсыз ба (алмайсың ба)

Балдызыңмын дейді

Қайын ағаңмын дейді

Қадірлі

Қадірлі ағайын

Алып кеттім

 

Үйреніп алдым

 

Ол кезде кетіп қалғанмын

Теңгемен бола ма

Өзіме өзім күлемін

Таусылды

 

Келетін шығар

Бол

Болшы

Ал

Ала сал

Менің дәптерім

Сенің үйің

Жиырма бірінде болмайды

Баласы көріп қойып жылап жатыр

 

Жетім

Майдалап ұра беріңіз

Жынды жазыпты

Жынды істейді

Ма

Маңлайы

Шашлик

Сұрап атқан

Бар атсың

Кіре бірек пе?

Шәй ішек пе?

Шәй ішек

Жүрелік

Көрелік

Айталық

Біріншісі ма?

Екіншісі ма?

Үшіншісі ма?

Төртіншісі ма?

Бір ма?

Екі ма?

Үш па?

Төрт па?

Бес па?

Таныдын ба?

Ұқтын ба?

Түсіндін ба?

Құлайсын

Қамасын

Іштіру

Іштір

Іштіре ма?

Артқа қарап жүрсей

Қуалап тұр

Біздердікі

Біздердікілерден

Біздерге

Жолда отырған

Түрегеп

Түреге

Өткізесіңіз ба?

Қоясыңыз ба?

Жаттығасыңыз ба?

Алмайсыңыз ба?

Балдызың боп атыр

Қайын ағаң боп атыр

Қадырменді

Қадырменді ағайын

Алып кеткенсің ғой

(Өзіне айтып тұр)

Үйреніп алғансың ғ

ой (өзін айтады)

Кетіп қалғансың ғой

Болады ма

Өзім өзіме күліп атырмын

Таусылып бітіп

қалып атыр

Келтін шығар

Бош

Бошы

Ашы

Ала сашы

Мен дәптерім

Сен үйің

Жиырма бірі бомайды

Баласына көрініп қап жылап атыр

 

Етім

 

Жоғарыдағы сөздікті оки отырып тілге катысты көп нәрсені аңғаруға болады.

І. Шала қазактардың тілінде қазак тілінің дыбыс үндестігі толык жойылған.сакталмайды: үш пе- ұш па,түсіндіңдер ме-түсіндіңдер ма, ертең бе - ертен ба ,кір ме- кір ма, сен бе-сен ба, сіз бе -сіз ба, кеттік пе-кеттік па,          т .6

2. Қазақ тіліндегі сөздердің көпшілігін ұмытқан. Тілдерінде жоқ. ¥мытылған сөздердің орынына басқа мағына беретін сөздерді қойып айтады. Сондықтан көптеген сөздерді шатастырып алған.

Ағаш - тал, жұмыртқа түқым,қап(мешок)-қалта, ұл – бала, балдызым - қайыным т.б. Осының алдындағы мақалада жазғанымыздай, тал- көп ағаштың бір ғана түрі. Оның өзінің бірнеше түрі бар. Бұталарды да(шеңгел,караған,тобылғы)тал деп айта береді. Тіпті жиі айтылатын сөздердің өзін тілдерінен шығарып алған. Бір үйде екі бала бар болса (бір ұл , бір қыз), оларды бір бала , бір қыз дейді. Неге ? Себебі “¥л” деген сөзді тілдерінен шығарып алған. ¥мытқан.“¥л” деген сөздің орынына “бала” деген сөзді қойып айтады. Қыз бала-бала емес сияқты .Балдызын-қайыным деп айтулары да сондықтан.

3. Кейбір ұмытылған сөздердің орынына өзбекше сөздерді пайдаланады: Сөлем-салам(өзбекше),сәлемет пе - саламат па; сәлеметсіз бе-саламатсыз ба, Ассалаумағалейкүм - ассаламалейкум; о йерде; бү йерде; гамам; о йақта, бү йақта т.б.

4. Сол сияақты өздері ойдан шығарып,өздерінің арасында қалыптастырып алған сөздер де ұшырасады.Бізге түсініксіз болғанымен өз ара айта береді:

Алдыңғы күні-кешен арғы күні,бұранда-бұралша,аурушаң- ауыршақ,жаныштау(жалпайту)- -майдандау, біртіндеп (бір — бірлеп) -біріндеп т.б.

5. Осы ойдан шығарылған сөздердің арасында өзбек тіліндегі сөздерден өздеріне бейімдеп жасап алған сөздер де байқалады:

6. Қарап тұрым-қарап тұрың (өзбекше), жеп отырым-жеп отырың, көріп тұрым-көріп тұрың, не дейсін-не дейсэн, қалайсын-калайсэн (қандақсэн) т.б.

Дұрысы: Қарап тұрмын.жеп отырмын, көріп тұрмын,не дейсің, қалайсың.

7. Сөздердің әріптерін түсіріп айту,керексіз жалғаулар жалғап айту, керісінше жалғауы бар сөздерді жалғаусыз айту, белгілі бір әріптерін өзгертіп айту да көп кездеседі.

а.       Әріптері түсіп қалған сөздер:

Кел атыр, бар атыр, кел амай, бар амай, жүр амай,жатын (жататын), сомен, мемен, семен, қайтан(қайтадан), бағаннан(бағанадан) т.б.

б.       Керексіз жалғаулар жалғанған сөздер: Бардымшы (бардым), келдімші (келдім), айттымшы (айттым), болғанды (болған), келгенді (келген), барғантүғын (барған), келгентүғын (келген), бар ма не(бар ма), келды ма не (келді ме), бес па не (бес пе) т.б.

В.  Жалғаулары түсіп қалған сөздер :

Сен үйің(сенің үйің),мен үйім(менің үйім),балаң дәптері(балаңның дәптері),мен ауылым(менің ауылым),өзің балаң(өзіңнің балаң),Қарасу мост бар ма?(Қарасудың көпірінен түсетіндер бар ма?).

Г.  Әріптері өзгеріп кеткен сөздер:

Сеңкі(сенікі),меңкі(менікі),мағам(маған), анадар(аналар), бүдар(бұлар), мынадар(мыналар),

Ұрдық(ұрлық)т.б.

Шала қазақтардың қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айтпай тұрғаны, сөйлесіп тұрған кезде бірден байқалады.

8.Тілдерінде сөздік қоры қалмағандықтан, сөйлемнің аяғында келетін әр түрлі етістік сөздерді бір ғана түсініксіз сөзбен «атыр» немесе «атыпты»деп айта береді:

Күн шықты-шығып атыр(атыпты), күн батты-батып атыр(атыпты), тамағым ауырып тұр-ауырып атыр(атыпты).

Өзінің ана тілін жақсы білетін адам, ешқашан «күн шығып жатыр», «тамағым ауырып жатыр» деп айтпайды. Енді осы шала қазақтардың тілі қазақтың дұрыс тілін бұзды. Өзіміз де солардың тілінде сөйлеп солардың тіліндегі сөздермен жаза бастадық. Шала қазақтардың тіліндегі кейбір сөздер,тіліміздегі бар сөздерді ығыстырып шығара бастады. Көптеген сөздер осы тіл бұзылған аймақтарда,жойылмаса да,қолданыстан шығып кетті.

Адамдардың көпшілігі бұрынғыдай «Сәлеметсіз бе?»деп қазақша амандаспайды, «Саламатсыз ба?» деп өзбекше амандасады. «Ассалаумағалайкүм» деп «ғ» әрпін қойып айтпайды, «Ассаламалайкум» деп өзбекше айтады.

Басталуы, көрсетілуі, түсірілуі, шегерілуі, таралуы, сақталуы деген сөздер сирек жазылатын болды. Кез келген кітапты, газет-журналды алып қарасаңыз басылымы, таралымы, көрсетілімі, сақталымы, шегерілімі деп жазулы тұрады. Егер сөздердің бұзылуы осылай жалғаса беретін болса, бұған тоқтау салынбаса тілімізден айырылатынымыз анық. Күннің бұлттанғанын-бұлттанымы, ашылғанын-ашылымы, жауғанын-жауылымы, тамақ пісіруді-пісірілімі, шәйдің қайнауын-қайнатылымы, қосу-қосылым, сызу-сызылым, азайту-азайтылым, көбейту-көбейтілім, жазу-жазылым деп айтатын, жазатын күндерге жақындап келеміз. Тілін жоғалтып алған адамдардың тілін «диалекті» деп айтуға, оны оңтүстіктің диалектісі, солтүстіктің диалектісі деп оқулықтарға енгізуге болмайды. «Диалекті» деген сөздің өзінің мағынасын дұрыс білу керек. «Диалекті» деген сөз-екі қазақтың бір сөзді біреуінің дұрыс (сонымен), екіншісінің бұзып айтуы(сомен) емес.Тіліміздегі бар сөздерді, әбден қалыптасқан сөздерді тілімізде жоқ сөздермен алмастыру жақсылыққа апармайды. (Иесі-егесі,ие бол-еге бол, иелік ету-егелік ету т. б.)

Аударма сөздердің дұрыс аударылмай жазылуы да (кітаптарда,көшедегі жарнамаларда), соны жазған адамдардың тілдерінде сөздік қорының жоқтығынан, қазақ тілінің дыбыс үндестігін білмеуінен. Тілдері сөздік қорға бай болмағандықтан, дұрыс балама сөздерін таба алмайды, не қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салып жаза алмайды. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салып айту арқылы, аудармай –ақ тілімізге қаншама сөздерді енгіздік. Бәтіңке,төпли, сөмке, пойыз, шопыр, шемішке, бедіре,зауыт, тауар, т.б. Орыс тілінде айтылатын «один раз» , «два раза» деген сөздердің өзін «бір рез,екі рез» деп қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салып , қазақ тіліне енгіздік. Ведроны-бедіре(шелек), семечканы-шемішке(шәкілдеуік) дегеннен ұтылған жоқпыз. Керісінше тіліміздегі бар сөздерге (шелек, шәкілдеуік) қосымша балама сөздер енгіздік. Тілімізді байыттық, жәңа сөздермен толықтырдық. Ал қазақ тілінің казіргі жағдайы мүлде басқаша. Енді тілімізді байытқанды қойып, тіліміздегі бар сөздерді жоғалта бастадық. Бар сөздерді жоқ сөздермен (түсініксіз сөздермен), өзбекше, орысша сөздермен айту, жазу арқылы тілімізді бұза бастадық. Тілді бұзып сөйлеу-оны аяққа таптау деген сөз, таптау деген - жою деген сөз.

Еркін Омар

Алматы қаласы

Оставить комментарий

Связанные Статьи