Елдегі білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы басталды. Бүгін грант иегерлерінің тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің сайтынан көре аласыздар.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, грант конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық талапкер өтінім білдірген. Олардың басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс» пен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығын таңдапты. Іріктеудің қорытындысын министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады. Ал жалпы жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.