Шымкентте спорттық атудан Азия чемпионаты өтеді

/uploads/thumbnail/20250805114507698_big.webp

16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласындағы "Shymkent Shooting Plaza" ату кешенінде спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді. Жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.  

Чемпионатқа 26 елден 800-ден астам спортшы қатысатынын растады: Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур, Тәжікстан, Тайбэй, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония. 

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі — 16 тамыз күні сағат 19:30-да,  Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде өтеді. 

Связанные теги :

Связанные Статьи