Ынтымақтастықтың табысты болатынына сенiм бiлдiрдi

/uploads/thumbnail/20170709081540776_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Гонконг арнайы әкiмшiлiк ауданының қаржы министрi Джон Цангпен кездестi. Кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру барысындағы өзара iс-қимыл жан-жақты талқыланды, - деп жазады Qamshy.kz "Оңтүстік Қазақстан" газетіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сапардың маңызы зор екенiн, сондай-ақ Гонконгтың қаржы, инновация және технология салаларындағы тәжiрибесiнiң құндылығын атап өттi.

– Гонконг әлемдiк жетекшi қаржы орталықтарының бiрi болғандықтан, Сiздердiң тәжiрибелерiңiз бiзге аса қажет. Қазiргi уақытта бiз қалыптасу кезеңiн бастан өткерудемiз. Жалпы, өзара iс-қимылымыз Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастың аясында iлгерiлеп келедi, – дедi Қазақстан Президентi.

Д.Цанг Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қонақжайлылығы үшiн алғыс айтып, бұған дейiнгi өткен келiссөздердiң табысты болғанын атап өттi.

– Қазақстан мен Қытай арасындағы серiктестiк байланыстар ынтымақтастығымыздың негiзi болып саналады. Делегациямыздың құрамында 20-ға жуық iскер азамат бар. Бiз Қазақстан тарапымен жемiстi келiссөздер жүргiзiп, күн тәртiбiндегi барлық мәселелер жөнiнде өзара түсiнiстiкке қол жеткiзе бiлдiк, – дедi Д.Цанг.

Бұдан бөлек, Гонконгтың қаржы министрi Назарбаев университетiнiң студенттерiмен әңгiмелесуден зор әсер алғанын атап өттi.

Соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Д.Цанг Қазақстан мен Гонконгтың одан әрi ынтымақтастығы табысты болатынына сенiм бiлдiрдi.

Оставить комментарий

Связанные Статьи