Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы медиа кеңiстiктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңызын атап өттi

/uploads/thumbnail/20170709082039905_small.jpg

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаевпен кездесу өткiздi» деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметi.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиiмдi ақпараттық саясат жүргiзудiң, елдегi медиа кеңiстiктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңыздылығын атап өттi.

– Жаңадан құрылған министрлiктiң маңызы зор. Бүгiнде басты мiндеттердiң бiрi – ақпарат кеңiстiгiндегi түрлi сын-қатерлерге тиiмдi қарсы тұра бiлу. Сонымен қатар, халық арасында экономикалық өсiмдi және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бағытында мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы түсiндiру жұмысын тиiстi деңгейде жүргiзу қажет, – дедi Қазақстан Президентi.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттiк БАҚ-тың басшылық құрамын қалыптастыру iсiне мұқият болу қажеттiгiне назар аударды.

– Жоғарғы талаптарға сай келетiн, шетел тiлдерiн меңгерген және ақпарат кеңiстiгiнiң басты үрдiстерiне сапалы талдау жасай алатын адамдарды таңдау керек. Жалпы, мемлекеттiк ақпарат саясатының мәселелерi менiң басты назарымда. Министрлiктiң қызметiне тiкелей өзiм және Президент Әкiмшiлiгiнiң басшысы бақылау жасайды. Басқа тұлғалардың араласуына жол берiлмейдi, – дедi Мемлекет басшысы.

Ақпарат және коммуникациялар министрi БАҚ жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ «бiр терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызметтер көрсету iсiн iлгерiлету жөнiнде қабылданып отырған шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ, Д.Абаев Қазақстан Президентiн телекоммуникация саласының қызмет ету сапасын арттырудағы министрлiктiң қызметi, соның iшiнде «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзiрлеу жұмысы туралы хабардар еттi.

Осы күнi Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметiнiң директоры Ғабит Байжановты қабылдады

Оставить комментарий

Связанные Статьи