Ұлы мақсатымызға қол жеткiзуiмiзге ешнәрсе кедергi бола алмайды!

/uploads/thumbnail/20170709082052921_small.jpg

Ұлы мақсатымызға қол жеткiзуiмiзге ешнәрсе кедергi бола алмайды!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң екiншi сессиясын ашты. Елбасы Парламенттiң алдағы жұмысына сенiм бiлдiрдi және заң сапасына қатысты алда тұрған бiрқатар мақсат-мiндеттердi айқындап бердi.

«Биылғы сессия қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын тойлайтын кезеңге сай келiп отыр. Қазiр әлемде аса күрделi кезеңдердiң бiрiн бастан кешiп отырмыз. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiң барлық қырын шарлап келедi. Мұның бәрi жаһандық әлемнiң ажырамас бөлiгi Қазақстанға да ықпалын тигiзбей қоймайды. Соған қарамастан, бiз заманның сындарлы барлық қатерiне жауап беру үшiн зор қызметтер атқарып келе жатырмыз. Елiмiз тәуелсiздiк тарихының екiншi ширегiн тың қарқынмен бастайды деп сенемiн» дедi Н.Назарбаев.

«Парламент – бұл халықтық өкiлдiктiң органы. Сондықтан да Парламенттiң қызметi қоғам үшiн барынша ашық болуы керек. Заңды қабылдаудың қажеттiлiгi мен барлық логикасы қазақстандықтарға түсiнiктi болуы маңызды. Адамдарға түсiндiру шараларын көбiрек жүргiзу керек».

«Қазақстан Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындалып жатыр. Бұл жылдың басты оқиғасы, бұл той тойлайтын ғана кезең емес, халыққа елдiң жетiстiктерiн толық түсiндiретiн кезең. Ширек ғасыр iшiнде жүз жылға татитын қыруар шаралар атқарылды. Менiң ойымша, халыққа айтарымыз да аз емес. Осы мерейтойға арналған шаралар қазiрден басталуы тиiс. Ал, ол мерейтойдың өзi қорытынды жасайтын шақ болуы керек. Әрбiр қазақстандық, әрбiр ауыл тұрғыны елдегi игiлiктi сезiнiп, болашақ бағдарды түсiнуi керек».

«Халықаралық қатынастар жүйесi жетекшi державалар арасындағы текетiрестiң өсуi салдарынан болжап болмайтын шекке жеттi. Экономикалық санкциялар, ымыраға келмеу, өзара қатерлер, қайтадан қарулану жарысын бастауға ниет әлемге де түбегейлi көмектеспейдi, елге де тұрақтылық әкелмейдi. Бұл әлемдiк қоғамдастықтың халықаралық терроризммен, экстремизммен күресiн қиындатады және мұны, ұлы державалар арасындағы келiспеушiлiктердi экстремистер пайдаланады». 

«Өткен жазда орын алған оқиғалар әлемдегi бiрде-бiр мемлекеттiң, бiрде-бiр елдiң террористiк актiден аман қалмайтынын көрсеттi. Террористiк қауiп Қазақстан үшiн өзектi мәселеге айналды. Бүгiнде халықаралық күн тәртiбiнде жаһандық соғыстың алдын алу, адамзаттың ядролық өзiн-өзi жойып жiберу қаупi өзектi мәселеге айналып отыр» дедi Елбасы.

Сонымен қатар ҚР Президентi Тәуелсiздiгiмiздiң екiншi ширегi өте күрделi кезеңде басталғалы отырғандығын ескертiп өттi. «Дегенмен, бұл қалай болғанда да бiздiң осы ғасырдың ортасында Қазақстанды Еуразияның ең дамыған мемлекетiне айналдыру, яғни әлемнiң дамыған мемлекеттерi клубына кiргiзу сынды ұлы мақсатымызға қол жеткiзуiмiзге кедергi болмауы тиiс».

Оставить комментарий

Связанные Статьи