Көкшетауда «Тәуелсіздікке 25 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің рөлі» атты облыстық форум өтті. Шараға 350-ден аса адам жиналды, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақмола облысының депутаттық корпусында 276 депутат бар. Олардың 25%-ы – әйелдер.
Жергілікті уәкілетті органдар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қажетті жоспар құруды көздеп отыр.
Алдымен, аудан өміріне қатысты ең өзекті мәселелер талқыланды, кейін мәслихат пен тұрақты комиссияның жұмыс жоспары және сайлаушыларды қабылдау кестесі құрылды.
«Елбасының Халыққа жолдауындағы қойған тапсырмаларды орындауымыз қажет. Президент дағдарысқа қарсы үш негізгі стратегияны атады. Олар: экономиканы өсіру, экономика, қоғам және мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін реформа жасау; қоғамның барлық саласында үздіксіз жаңғыруды дамыту», - дейді форум төрағасы, Ақмола облысы мәслихатының хатшысы Дулат Нұрмолдин.+
Мәслихат кеңесшісі сайлау кезінде, экономикалық, әлеуметтік бағдарламалар мен жергілікті бюджетті бекіту кезінде мәслихаттың рөлі туралы да айтты.
Биыл құқық қорғау саласында жергілікті уәкілетті органдардың құзіреті кеңейген: жергілікті полиция қызметкерлері мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалады, сондай-ақ оларға жылына екі рет есеп береді.
«1 қырүйектегі көрсеткіш бойынша, облыс еліміз бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі жағынан көш басында тұр», - деп әкімдік пен мәслихаттың бірлесе жұмыс істеуінің жемісі ретінде мысал келтірді Нұрмолдин.
Бүгінде Ақмола облысының қоғамдық кеңес құрамында 266 адам бар. Нұрмолдин бұл ұйымдар жақында құрылғанымен, жеткілікті деңгейде жұмыс атқарып жатқандығын айтты.
Қоғамдық кеңес пен мәслихат депутаттарының арқасында, Ақмола облысы өндірістік өнеркәсіпте де, құрылыс пен жол жөндеуде де, білім мен денсаулықты сақтауда да үлкен жетістікке жетті.
Оставить комментарий