АҚШ Украинаға $100 млн. көлемінде әскери көмек көрсететін заң жобасын дайындауда. Бұл туралы АҚШ сенаторы Джон Маккейн "Интер" арнасына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, мұнда тек қаржылық көмек туралы ғана айтылып тұрған жоқ."Біз Ресей агрессиясына қарсылық көрсету үшін көмек көрсеткіміз келеді. Бұл Украинаның шығысы мен оңтүстігін басып алуға ниеттенген Путинге ескерткеніміз", -дейді сенатор. Бірақ, бұл заңды қабылдау ұзаққа созылатын секілді, ал дәл қазіргі жағдайда уақыт тығыз. Сондықтан, АҚШ Президенді Барак Обаманы Украинаға әскер жіберуге көндіріп, заңды қабылдауға тырысып жатқанқанын тілге тиек етті. Сенатор Путин өз мүмкіндігін салмақтап, райынан қайтар деген сенімде.
Оставить комментарий