Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырмақ. Аталмыш шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінен және Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментінен арнайы өкілдер қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады. Келем деушілерге есік ашық. Өтетін орны: Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А (Жібек жолының қиылысы). Уақыты: 2014 ж. 6-шы мамыр, сағат 11.00 Байланыс тел. 2733244
Оставить комментарий