ОҚО-да темір жол қозғалысы уақытша тоқтап тұр

/uploads/thumbnail/20170708152328432_small.jpg
   5 мамыр күні түстен кейін рельстен шығып кеткен жүк пойызы 56 вагонды тиегені, оның 29-ы аударылып кеткені анықталды.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілінің хабарлауынша, апат салдарынан зақым келген 150 метрге жуық теміржол бөлігі мен контактілі желінің 4 бағанын қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Кеше кешке төтеншеліктер 12-14 сағаттың ішінде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға уәде еткен болатын. «Қалпына келтіру жұмысы аяқталғанша осы маңнан өтетін барлық пойыз жақын маңдағы стансаларда тоқтап тұр», − дейді департамент өкілі. Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласынан шамамен 40 шақырым қашықтықта, Ордабасы ауданында «Черноводский-Бадам» өткеліне жақын маңда «Шу – Арыс» бағытындағы жүк пойызының 29 вагоны рельстен шығып кеткен болатын. Жүк пойызы күкірт қышқылы, құрылыс материалдары, контейнертасығыш, астық тиеп келе жатқан.

bnews.kz

Оставить комментарий

Связанные Статьи