Украина Президенті Петр Порошенконың бір айда қанша жалақы алатыны белгілі болды. Аталмыш елдің мемлекеттік басқару істері Президент табысын қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді. Украина басшысының тамыз айында алған жалақысы 28 мың гривен болған. Президент жалқысын түгел қайырымдылық шараларына аударған. Бұл турады "Украинские новости" хабарлайды.
Порошенко 2014 жылдан бері барлық жалақысын қайырымдылыққа аударумен келеді. Бұған дейін мәлім болғандай, бұл елдің премьер-министрі Владимира Гройсманнің тамыз айындағы жалақысы 18 961 гривен. Бұл айда оның алған сыйақысы1 509 гривен болған. Ал ұсталған салықтың мөлшері 3697 гривен екен. Сонда премьер-министрдің қолына таза тиген қаржы мөлшері 15 264 гривен.
Оставить комментарий